Универсиадаға аттанған қазақстандық саңлақтарға «QAZSPORT» телеарнасымен бірге жанкүйер бол!

Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясы (FISU) ұйымдастыратын ХХІХ қысқы Универисада ойындары биыл Красноярск қаласында жалауын желбіретпек. Спорттың 11 түрі бойынша өтетін студенттер Олимпиадасын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Әлемнің студент жастарының қатысуымен 2 жылда бір рет өткізілетін байрақты бәсеке биыл Ресей өңірінде тойланбақ. 2017 жылғы ХХVIII қысқы Универсиаданың Алматыда өткені баршаға белгілі. Оңтүстік астанамыздағы дүбірлі додаға әлемнің 57 елінің жас спортшылары қатысып, Универсиада рекордын жаңартты.

Бұл жолы 56 мемлекеттің құрамалары қатысып, 11 спорт түрі бойынша 76 медаль сарапқа салынады. Қазақ елінің намысын 95 студент қорғамақ. Саңлақтарымыз 11 спорт түрі бойынша бақтары мен баптарын безбенге салады .

Алматыда өткен Универсиадада қоржынға 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль салған спортшыларымыз көрші елде 2 жыл бұрынғы жетістігін қайталайды деп сенеміз.

Бұл жорықта шаңғышылар мен фристайлшылардың асығы алшысынан түседі сенеміз. Мәнерлеп сырғанаушылар да жекелей сында жақсы нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Сондай-ақ шайбалы хоккей мен бенди құрамасы сәтті өнер көрсетуі әбден мүмкін. Десек те, ел құрамасының мақсаты – командалық есепте алдыңғы үштіктен көріну.

Естеріңізге сала кетейік, «QAZSPORT» телеарнасы құрылғалы бері студенттер олимпиадасын тікелей эфирде көрермендерге ұсынып келеді. Одан бөлек, спорттық телеарна 2015 жылы Универсиадада көрсетілімі бойынша әлемдік телеарналар арасында алдыңғы үштіктен көрінді. Дүние жүзінің мықты әрі танымал арналарымен бәсекеге түсу телеарнамыздың абыройын асқақтатқаны хақ.

Студенттерімізге сәттілік тілейміз. Дәл қазір түсірілім тобы Ресейдің Красноярск қаласына аттанды. Көрші елдегі байрақты бәсекенің ашылу және жабылу салтанатын, сондай-ақ ел спортшылары бақ сынайтын жарыстардан 60-тан астам трансляцияны ұсыну жоспарда бар. Наурыздың 2-і мен 12-сі аралығында өтетін айтулы аламанды «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Еліміздің саңлақтарына біздің арнамен бірге жанкүйер бол.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды