«Реал Мадрид» - «Аякс» ойыны тікелей эфирде

«Корольдік клуб» Чемпиондар лигасын соңғы 3 жыл қатарынан ұтты. Зиданның ерлігін Солари жалғастыруға тырысатындығы сөзсіз. Мадридтік команда өз тобында мәскеулік «ЦСКА-ға» екі матчта да есе жіберіп, топтан 12 ұпаймен 1-орын алып шықты. Ал нидерландтықтар топтық кезеңде 3 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте тең түскенімен, топтан 12 ұпаймен 2-орын алып шықты. Қос команда соңғы рет 2012-2013 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бақ сынап, екі ойында да испаниялық клуб басым түскен еді. Екі ойында да есеп – 4:1.

Реал Мадридтің жұлдызы, чемпиондар лигасының үздік сүрмергені Криштиану Роналдудың «Ювентус» сапына ауысқаны королдьдік командаға кері әсерін бергені рас. Алайда мадридтік команданың соңғы ойындардағы жетістігі, чемпионатта 2-орынға көтерілуі мадридтіктердің бабында екендігінің айғағы.

Маусым басында ерекше ойынымен көзге түскен «Аякс» клубының қазіргі жағдайы мәз емес. Ішкі чемпионатта соңғы 3 ойынның 1-інде ғана жеңіске жетті. Көш басында келе жатқан «ПСВ Эйндховен» ұжымынан 6 ұпай артта келеді. «Фейенордтан» 6:2 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін, «Венло» клубының қақпасына жауапсыз 6 доп соғып, естерін жиғандай көрінген. Алайда, соңғы ойында турнир кестесінің ортасында тұрған «Хераклеске» есе жіберуі, клубта проблемалар бар екенін көрсетті.

Аталған ойынды 13 ақпан күні сағат 01:50-де «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді