Ресми: Геннадий Головкин DAZN-мен келісімге келді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин DAZN стримингтік платформасымен келісімшартқа отырды. Серіктестік туралы қос тарап жақын арада мәлімдеме жасайды. Әзірге белгілі ақпараттарға сүйенсек, келісім бойынша қазақстандық боксшы екі жекпе-жек өткізу міндетті. Және келісімді алдағы уақытта 5-6 бокс кешіне дейін ұзартуға мүмкіндік бар.
Отандасымыздың жекпе-жектерін көрсетуге үш телеарна қызығушылық танытқан болатын. Оның бірі белігілі промоутер Эдди Хирннің DAZN арнасы болса, қалған екеуі ESPN арнасы және Эл Хэймонның Premier Boxing Champions жобасы еді. Көрсетілген мәлеметтерге сүйенсек PBC жобасының экс-чемпионға ұсынған талаптары қаржылай жағынан ұтымды болғанымен бұл келісім Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өту ықтималдығын азайтатын еді.