Қазақстан Барысы-2017. Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов Мақсат Исағабыловты таза жеңді
Оныншы жұп - маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов пен қызылордалық Мақсат Исағабылов. Нұрдәулет Жарылғапов - аса ауыр салмақты палуандардың бірі (135 кг). Турнирге 2015 жылдан бері қатысып келеді. Лақап аты – «Қара бура» Қызылордалық палуан Мақсат Исағабылов жарысқа тұңғыш рет қатысуда. Лақап аты – «Сыр барысы». Айта кеткен жөн, биылғы «Қазақстан барысына» Қызылорда облысының үш бірдей палуаны қатысып отыр. Белдесуде маңғыстаулық палуан басым түсті. Енді Нұрдәулет Жарылғапов 8/1 финалда Еламан Ерғалиевпен кездеседі. Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.