Қазақстан Барысы-2017. Мұхит Тұрынов пен Еламан Ерғалиев боз кілемге шықты (ВИДЕО)
Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов 2011, 2013, 2014, 2015 жылғы турнирлердің қатысушысы. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкері - әкесі Шыңғысбек Тұрсынов. Қарсыласы – «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев. Еламан «Қазақстан барысына» алғаш рет 2016 жылы қатысқан. Биылғы турнирдің екінші ауыр палуаны (141,6 келі). 2011 жылғы «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы. Бапкері - Дархан Алмаханов. МұхитТұрсыновпен белдесуінде жартылай жеңіс және екі бүк ұпайымен жеңіске жетті. Келесі кезеңдегі қарсыласы - маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов. Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.