Геннадий Головкин: "Мен кіммен болсын жұдырықтасуға әзірмін"
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отыруына байланысты Лос-Анджелесте баспасөз қызметін өткізді.
Келісімшарт үш жылға және алты жекпе-жекке есептелген. Головкин рингке маусымда оралады деп жоспарланған.
"Қазіргі таңда DAZN ең мықты деген боксшылардың өнерін көрсетуге тырысып жатыр. Бұл мен үшін мансабымдағы жаңа белес. Қазіргі бокста барлық чемпиондық белбулерді біріктірген адамды ең мықты деп атау қиын. Мен кіммен болсын жұдырықтасуға әзірмін. "Canelo" менімен шарша алаңға шыққысы келсе, мен дайынмын!"
Отандасымыздың маусым айындағы алғашқы қарсыласы әзірге белгісіз. Дегенмен, көптеген сарапшылардың айтуынша GGG-дің Димитриус Андраде немес Хайме Мунгиямен кездесу өткізу мүмкіндігі жоғары.