«QAZSPORT» арнасы Наурыз мерекесі қарсаңында көрермендерге арнайы бағдарламалар ұсынады

2019 жылдың 19 наурызында Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Qazaqstan», «Qazsport», «balapan», «Tamasha Tv» және аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының қатысуымен «Наурыз мерекесіне тарту» атты баспасөз-конференциясы өтті.

Брифингке «Qazaqstan» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин, «Tamasha Tv» телеарнасының директоры Есен Елеукен, «balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай және аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының директоры Ержанар Әшейхан қатысты.

Шара барысында «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин мейрам күндері тікелей эфирде футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарын, «Барыс» хоккей клубының ҚХЛ плей-офф кезеңі аясындағы кездесулері, бірқатар қызықты бағдарламалар, деректі фильмдер мен спорт саңлақтарының сұхбаттарын көрсететіндігін хабарлады.

Павел Цыбулин: «Көрермендеріміз 21 наурыз күні ХХІХ қысқы Универсиада ойындарының қола жүлдегері Жанбота Алдабергеннің «Qazsport» қонағы бағдарламасындағы сұхбатын, одан бөлек бірнеше деректі фильмдер, атап айтқанда: аты аңызға айналған қазақ қақпашысы Құралбек Ордабаев жайында - «Қазақтың №1 қақпашасы», қазақ боксының дамуына үлкен үлес қосқан жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов туралы - «Болмысы бөлек бапкер», ал, 22 наурызда талантты былғары қолғап шебері, 2005 жылғы әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов жайында «Дарабоз»,халықаралық «Атлант» фестивалінің жеңімпазы атанған «История маленькой русалки» деректі фильмдерін тамашалай алады. Ал, 23 наурыз күні «Абсент - Олимпийский чемпион из казахских степей!» атты деректі фильм көрсетіледі. Бұл фильмде қазақ жерінде дүниеге келген, аты аңызға айналған, асыл тұқымды ақалтеке – Абсенттің жетістіктері баяндалады. Алматы ипподромын әлемге паш етіп, даңқын асқақтатқан жылқыға Луговое жылқы зауытында ескерткіш орнатылды.

 Одан басқа, 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының Шотландиямен кездесуі тікелей эфирде өтеді. Айта кетейін, «QAZAQ PROMOTION» атты кәсіпқой бокс кешін де көрсететін боламыз. Футбол сүйер қауым үшін жағымды жаңалық: Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі тартысты әрі қызықты матчтар «Реал Мадрид»-«Аякс» және «ПСЖ» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матчтарды қайталаймыз. Атырау қаласында өткен «M-1 Challenge 100» аралас жекпе-жек турнирін көрсетеміз. Ал, 24 наурызда кәсібқой рингте қазақтың атын шығарып жүрген саңлақтар – Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедовтың жекпе-жектерінің қайталауларын ұсынамыз. Сонымен қатар,футболсүйер қауым «EURO 2020» іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасы мен Ресей арасындағы матчты тікелей эфирде көретін болады».


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді