Қазақстан Барысы-2017. Айбат Сейтен мен Ерлан Омаровтың белдесуі (ВИДЕО)
Төртінші жұп – Астана қаласының өкілі Айбат Сейтен мен қостанайлық Ерлан Омаров. Екі палуан да «Қазақстан барысы» турниріне үшінші рет қатысып отыр. Айбат Сейтен - Астана іріктеуінде үшінші орын алған. 2015 жылы Айбат Сейтен бірінші айналымда Ержан Шынкеевтен ұтылып қалған болатын. Былтырғы жылғы нәтижесі де аса көңіл көншітпейді. Лақап аты – «Батыр». 1992 жылы дүниеге келген. ҚР-ның биылғы чемпионы және Азия чемпионы (2014), ҚР кубогының 2014 жылғы жеңімпазы. Ерлан Омаров - тәжірибелі палуан. Лақап аты – «Қара балуан». Ол өткен жылы Астана қаласының өкілі Бауыржан Қабайды жеңген болатын. Қазақ күресінен ҚР-ның спорт шебері. Бейсен Әубәкіровтың қол астында жаттығады. Белдесудің алғашқы сәтінде бүк ұпайы Айбат Сейтенге берілді. Төрешілердің шешімімен Айбат Сейтен бір жамбас және бір бүк ұпайымен жеңіске жетті. Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.