Шыңғыс Шоқпытов пен Нұрбек Досмағанбетовтың арасындағы белдесу (ВИДЕО)
Үшінші жұп - ақтөбелік палуандар Шыңғыс Шоқпытов пен Нұрбек Досмағанбетов. Бапкерлері - Сайтжан Тойлыбаев. Нұрбек Досмағанбетов «Қазақстан барысы» турниріне алғаш рет қатысып отыр. Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер. Алғашқы белдесуде Шыңғыс Шоқпытов батысқазақстандық Темірлан Көлбайды жамбас ұпайымен ұтқан болатын. Бұл жолы да жеңіс - Шыңғыс Шоқпытовта. Жеребе бойынша келесі қарсыласы Айбат Сейтен не Ерлан Омаров болады. Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде.