Спортқа ерекше көңіл аударылуда - Меңдіхан Тәпсір
Меңдіхан Тәпсір, Ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:
Елбасы Жолдауында дағдарыстың бізді де айналып өтпейтінін ескертті. Дегенменде біз Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында осы бір қиындықтарды жеңіп өтеміз. Спортқа ерекше көңіл аударылуда.
Бүгінгі үлкен жарыстардың өзі еліміздің ауыр атлетикасын дамытуға, халқымызға үлкен насихат. Көп әсерін тигізіп жатыр.
Елбасының айтып отырғанындай, басты мәселе – ол халық денсаулығы, әл-ауқатын арттыру. Сондықтан да бұл бағыттағы шаралар сәтті болады, деп ойлаймын.