"Сарыарқа" ХК Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің финалдық бәсекесіне жолдама алды
Қарағандылық "Сарыарқа" Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің финалдық бәсекесіне жолдама алды.
Жартылай финалдық серияда қарағандылық клуб ресейлік "СКА-Нева" ұжымынан 4:0 есебімен басым түсті. "СКА-Нева" биылғы маусымда Жоғарғы хоккей лигасының тұрақты чемпионатын бірінші орынмен аяқтаса, "Сарыарқа" плей-офф кезеңіне 10-орынмен жолдама алған болатын.
Қазақстандық клуб ақтық сында "Рубин" - "Торос" жартылай финалдық жұбының жеңімпазымен кездесетін болады.