Қазақстандық кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның экс-жаттықтырушысымен жұмыс істейді
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (11-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегіне Майк Тайсонның бұрынғы жаттықтырушысы Бадди МакГиртпен дайындалуда. Отандасымыз өзінің соңғы кездесуін қаңтар айында Калифорнияда өткізіп, жеңіске жеткен болатын.
Айта кетерлігі, Бадди МакГирт тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (5-0, 2 КО) жаттықтырушысы болып табылады. Әлімханұлы АҚШ-та өткізген соңғы екі жекпе-жегіне дәл осы маманмен дайындалған еді.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының алтыншы кездесуін 13 сәуір күні 06:00-де QAZSPORT және Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Отандасымыз WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық атақтары үшін шаршы алаңға шығады.