"Сарыарқа" финалдық бәсекеде "Рубинмен" ойнайды
Қарағандылық "Сарыарқаның" Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің финалдық бәсекесіндегі қарсыласы анықталды. Ақтық сында қазақстандық клуб Түмен қаласының "Рубин" командасымен кездеседі. "Рубин" жартылай финалда қарсыластары "Торос" клубын жеңді.
Финалдық бәсекенің алғашқы екі ойыны қарсыластың мұз айдынында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалдық серияда қарағандылық клуб ресейлік "СКА-Нева" ұжымынан 4:0 есебімен басым түсті. "СКА-Нева" биылғы маусымда Жоғарғы хоккей лигасының тұрақты чемпионатын бірінші орынмен аяқтаса, "Сарыарқа" плей-офф кезеңіне 10-орынмен жолдама алған болатын.