"GGG - Canelo" арасындағы үшінші жекпе-жек DAZN-ның басты мақсаты
Белгілі промоутер Эдди Хирн қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру компанияның басты мақсаты екенін айтты.
Оның пікірінше DAZN алдағы уақытта Альварес-Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазы Головкинмен кездесуі мүмкін. Айтылған мәлеметтерге сүйенсек GGG - Canelo арасындағы үшінші кездесу қыркүйек айына жоспарланған. Алайда, екі боксшы өздерінің алдағы уақытта өтетін жекпе-жектерін жеңуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, 4 мамыр күні Альварес америкалық боксшы Даниэль Джейкобсқа қарсы чемпиондық кездесу өткізеді. Ал Головкин болса маусым айында шаршы алаңға қайта оралады деп күтілуде. Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз.