«Сарыарқа» сырт алаңда «Рубиннен» басым түсті
Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғарғы хоккей лигасының финалында жалпы есепті теңестірді.
«Рубинге» қарсы өткен екінші матчта қазақстандық клуб овертайм қорытындысы бойынша 5:4 есебімен жеңіске жетті. Қосымша уақытта Леонид Метальников шешуші шабаны соқты.
Осылайша, «Сарыарқа» финалдық сериядағы жалпы есепті теңестірді. Алғашқы матчта 2:3 есебімен «Рубин» басым түскен еді.
Келесі екі ойын 20-21 сәуір күндері Қарағандыда өтеді.