Қазақстандық төрт боксшы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына ерлер арасында төрт қазақстандық боксшы жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Закир Сафиуллин үндістандық қарсыласын жеңсе, 81 келіге дейінгі салмақтағы Бек Нұрмағанбет Қырғызстан боксшысынан басым түсті. Сонымен қатар, 91 келіден жоғары салмақтағы отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев үндістан елінің өкілі жартылай финалдық кездесуге шықпауына байланысты ақтық сынға жолдама алды.
Естерңізге сала кетейік, бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет түркменстандық Нурсахата Паззыевты жеңіп, финаға шыққан болатын.
Василий Левит (91 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі) және Теміртас Жүсіпов (49 келі) бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Фото: Қазақстандық бокс федерациясы сайтынан