ДМИТРИЙ БАЛАНДИН 2020 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Халықаралық су спорты турлері федерациясының (FINA) Champions Swim Series атты жаңа турниріне қатысып, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу нормативін орындады.
Брасс әдісімен 200 метрге жүзу сайысында берілген қашықтықты 2:09.37 уақытымен жүзіп өткен отандасымыз төртінші нәтижені көрсетті. "А" нормативінің уақыты - 2:10.35. Осылайша қазақстандық спортшы осы жетістігінің арқасында Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.