8 дүркін Олимпиада чемпионы Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарына арнайы қонақ ретінде шақырылмақ
Халықаралық Олимпиадалық комитет биатлоннан сегіз дүркін Олимпиада чемпионы, норвегиялық Уле-Эйнар Бьорндаленды Пхёнчханға арнайы шақыру туралы ұсынысты қарап жатыр. Естеріңізге сала кетйік, Уле-Эйнар осыдан бірер күн бұрын ақ олимпиадаға қатыспайтындығы туралы мәлімдеме жасаған болатын.
Норвегиялық чемпионның кезекті Қысқы Олимпиада ойындарынан тыс қалуы биылғы маусымдағы нәтижелерінің төмен болуына байланысты. Осы маусымда Қысқы Олимпиада тарихындағы аңызға айналған 43 жастағы спортшы Әлем кубогы кезеңінде сегіз жекелей сында өнер көрсеткен. Алайда, ол Норвегия құрамасының қысқы ойындарға іріктеу критерийлерін орындай алмаған.
Бьорндаленнің қоржынында Қысқы Олимпиада ойындарының 13 медалі бар. Оның сегізі – алтын, 4 күміс және бір қола медаль. Сонымен қатар, спортшы өз мансабын 20 рет әлем чемпионатында топ жарып, алты мәрте Әлем кубогының жеңімпазы болған.
Inform.kz