ЕКІ КОРЕЯ ПХЕНЧХАНДА ӨТЕТІН ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ОРТАҚ БІРІККЕН ТУМЕН ШЫҒАДЫ
Мұндай шешімге олар Пханмунджомда өткен келіссөздер нәтижесінде келіп отыр. Осыған қоса, олар әйелдер арасындағы хоккей жарысына біріккен құрама командасын жіберуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Солтүстік Корея Олимпиада ойындарына спортшыларымен қатар, 230-ға жуық жанкүйерін және 140 музыканттан тұратын оркестрін жібереді. Бұдан бөлек, наурыз айында Паралимпиада ойындарына 150-ге жуық адамын жөнелтпек. Алайда, кейбір спорт сарапшыларының сөзінше, хоккейден бір құраманы жіберу Оңтүстік Кореяның медальдан құр қалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, он мыңдаған адам бұған қарсылық білдіріп, петицияға қол жинап жатыр.