Олимпиада-2018: Ең көп медаль қай спорт түрінде сарапқа салынады?
Ақ Олимпиадада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы ойнатылады. Осы спорт түрлерінің ішінде ең көп медальдар коньки тебу спортынан болса (14 медаль), ең аз медаль скелетон мен хоккей спортынан (2 медальдан). Одан кейінгі медальдар рет-ретімен шаңғы жарысынан - 12, биатлон мен тау шаңғы спортынан - 11, сноуборд пен фристайлдан - 10, шорт-тректен - 8 медаль сарапқа салынады. Ал, мәнерлеп сырғанаудан -5, трамплиннен секіру мен шана спортынан 4 медальдан ойнатылады. Сондай-ақ, бобслей, керлинг және шаңғы қоссайысынан үш-үштен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадада спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.