Олимпиада-2018: Жарыстар кестесі

Назарларыңызға Оңтүстік Кореяда өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасын ұсынамыз.

Бүгін Олимпиаданың басталуына тура 15 күн қалды. Олимпиада ойындарының алғашқы іріктеуі 8 ақпан күні өте бастайды. Ал жарыс ресми түрде 9 ақпанда басталады.

8 ақпан күні керлинг, трамплиннен секіру жарыстарынан алғашы іріктеу жарыстары өтеді.

9 ақпан күні керлинг, мәнерлеп сырғанау және фристайлдан сайыстар өтеді.

10 ақпан күні биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, хоккей, шана жарысы, шорт-трек, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгіру спортынан спортшылар сынға түседі. Бұл күні 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

11 ақпан күні тау шаңғы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шана жарысы, сноуборд және конькимен жүгіруден сайыстар өтеді. Бұл күні 7 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

12 ақпан күні тау шаңғы, биатлон, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шана жарысы, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгіруден мықтылар өзара бақ сынайды. Бұл күні 8 медаль жиынтығы ойнатылады.

13 ақпан күні тау шаңғысы, шаңғы жарысы, керлинг, хоккей, шана жарысы, шорт-трек, сноуборд және конькимен жүгірушілер өнер көрсетеді. Бұл күні де 8 медаль сарапқа салынады.

14 ақпан күні тау шаңғысы, биатлон, керлинг, ьәнерлеп сырғанау, хоккей, шана жарысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және конькимен жүгіру шеберлері жарыс жолына шығады. Бұл күні 6 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

15 ақпан күні тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шана жарысы, скелетон, сноуборд және конькимен жүгіруден жарыстар өтіп, 7 медаль жиынтығы ойнатылады.

16 ақпан күні шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, скелетон, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгірушілер 5 медаль жиынтығын сарапқа салады.

17 ақпан күні тау шағысы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шорт-трек, скелетон және трамплиннен секіру сайыстары өтеді. Бұл күні осы Олимпиададағы ең көп жүлде ойнатылады. 9 медаль жиынтығы өз иелерін табады.

18 ақпан күні тау шағысы, биатлон, бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, фристайл, хоккей және конькишілер бақ сынайды. Бұл күні 6 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

19 ақпан күні бобслей, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгіру шеберлері жарыс жолына шығады. Бұл күні 3 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

20 ақпан күні биатлон, бобслей, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шаңғы қоссайысы және шорт-трек шеберлері өнер көрсетеді. Бұл күні 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

21 ақпан күні тау шаңғысы, бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, сноуборд және конькимен жүгіруден жарыстар өтеді. Бұл күні 7 медаль жиынтығы ойнатылады.

22 ақпан күні тау шағысы, биатлон, керлинг, фристайл, хоккей, шаңғы қоссайысы, шорт-трек және сноубордтен жарыстар өтеді. Бұл күні 8 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

23 ақпан күні тау шағысы, биатлон, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, сноуборд және конькишілер сынға түседі. Бұл күні 6 медаль жиынтығы таратылады.

24 ақпан күні тау шаңғысы, бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, хоккей, сноуборд және конькимен жүгіруден мықтылар анықталады. Бұл күні 8 медаль жиынтығы өз иелерін табады.

25 ақпан, яғни соңғы жарыс күні бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, хоккей ойындарының мықтылары анықталады. Бұл күні 4 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 9 ақпан күні ал жабылу рәсімі 25 ақпан күні өтеді.

inform.kz 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды