АІВА Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелігінен шығарылады

Бокс 2020 жылғы Токио Олимпиадасының бағдарламасында қалады. Алайда, ХОК Халықаралық Бокс Қауымдастығын (АІВА) Халықаралық Олимпиада Комитетінің мүшелігінен шығарып жіберді деп хабарлайды ХОК баспасөз қызметі.

Бұл шешім ХОК мүшесі Ненад Лалович басқарған арнайы Тергеу Комиссиясының ұсыным бойынша қабылданды. Тексеру комиссиясы құрамына ХОК мүшесі Ричард Л. Каррион және спортшылар Комиссиясының жетекшісі Эмма Терхо енген.  

ХОК атқарушы комитеті мәселені егжей-тегжейлі тексере келе, боксты 2020 жылғы Токио Олимпиадасының спорттық бағдарламасында қалдыруды жөн деп шешті. Токиодағы бокс бәсекесі мен барлық іріктеу сындары ХОК бекіткен негізгі қағидалар аясында өтуі тиіс.

Егер жоғарыда аталған шешім 2019 жылдың маусымында өтетін ХОК сессиясында мақұлданса, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында бокстан 286 спортшы бақ сынайды. 8 ерлер және 5 әйелдер салмағында жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталады.

Сондай-ақ, Атқарушы комитет ХОК мүшесі және Халықаралық Гимнастика Федерациясының президенті Моринари Ватанабенің басшылығымен мақсатты топ құрды. Оның құзыреті төмендегідей:

1. Спорттың барлық саласындағы гендерлік теңдікті көтеру мақсатында бокстан келесі жарыстарды өткізу:

а. 2020 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында өтетін бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу жарыстары;

б. Токио Олимпиадасындағы бокс турнирі

2. 2019 жылғы маусым айының соңына дейін Токио Олимпиадасына іріктеу жүйесін әзірлеу:

а. Ерлер мен әйелдер арасындағы салмақ дәрежелерін анықтау;

б. Гендерлік теңдікті көтеру мақсатында бокс бәсекесіне квота тарату;

в. Іріктеу сындарына квота тарату талаптарын орнату.

ХОК 2020 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында өтетін олимпиадаға іріктеу турниріне арналған жаңа күнтізбе әзірлейді.

Ал АІВА-ны ХОК мүшелігіне қайтару мәселесі 2020 жылғы Токио Олимпиадасынан кейін қайта қаралады.

«Бүгінгі мәселе спортшылар мен жалпы бокстың келешегі үшін қабылдады. Біз спортшылардың арманына балтай шаппай, олардың 2020 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткенін қалаймыз. Алайда, АІВА Тергеу комитетінің шешімінен кейінгі салдар туралы ойлану қажет», - деді ХОК президенті Томас Бах. 



Дереккөз: ҚР ҰОК

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды