Қазақстандық дзюдошылар Қытайдағы Гран-При турниріне қатыспайды
Дзюдодан Қазақстан командасы Қытайдың Хоххот қаласында өтетін әлемдік Гран-при сериясына қатыспайды деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Естеріңізде болса, ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов дзюдошылардың аталған бәсекеге қызу дайындықта екенін хабарлап, турнирге қатысатын спортшылар есімін атаған еді.
Алайда, Қытай тарапы біздің балуандарға виза беруден бас тартып, спортшылар рейтингілік жарыстан тыс қалды.
Айта кетелік, Қытайдағы турнирден бастап дзюдодан олимпиадалық рейтингтегі ұпай саны толығымен есептелетін болады.