XXIII Қысқы Олимпиада Ойындарының ашылу салтанаты (2-бөлім)
Пхенчхан-2018 Олимпиадасына 92 ел қатысады. Бұл – Қысқы ойындар тарихында болмаған көрсеткіш. Олимпиада астанасы – Каннын қаласы. Пхенчанмен ара қашықтығы 100 шақырым шамасында.
Бұл бөлімде көріністер «Уақыт өзені» және «Қозғалыстағы әлем» тақырыптары бойынша ұсынылды.
Олимпиада алауын Ванкувер Олимпиадасының чемпионы, Сочи Олимпиадасының күміс жүлдегері, 27 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Ен А Ким жақты.
2017 жылдың 1-қарашасында Грекияда тұтанған алау 101 күн бойы Кореяның түкпір-түкпірін аралап, 2018 шақырым жерді жүріп өткен.
Алау эстафетасына 7500 адам қатысқан. 7500 – бұл екі Кореяның халқының саны - 75 миллион. Символикалық белгі ретінде 7500 адамға алау эстафетасына қатысу мәртебесі берілді. 2018 – Қысқы ойындар өтетін жыл. Басты бәсекеде қазақстандық спортшылар 9 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды.
XXIII Қысқы Олимпиада Ойындарының ашылу салтанатын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті.