Роман Еремин із қуу сайысына жолдама алды
Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында 10 шақырымдық спринт жарысы басталды. Аталған сында Максим Браун (38), Роман Еремин (43), Владислав Витенко (73) және Василий Подкрытов (77) сынға түсті. Жарыс жолына 38-ші нөмірмен шыққан Максим Браун мәреге 27:46.7 минут уақыт дәрежесімен жетті. Ол көздеп ату сәтінде 4 қателік жіберіп, 85-орыннан көрінді. Ал, сайысты 43-ші нөмірімен бастаған Роман Еремин де ату сәтінен 2 қателік жіберді. Спортшы мәреге 25:21.9 минут уақытта жетіп, жалпы есепте 43-орынға тұрақтады. Жарыс жолына 73-ші болып шыққан жас спортшы Владислав Витенконың көрсеткіштері - көздеп ату сәтінде 4 мәрте қателік жасап, мәреге 23:32.7 уақыт көрсеткішімен 79-орынға тұрақтады. Жарыс жолына қазақстандық биатлоншылардан соңғы болып шыққан Василий Подкрытов та көздеп ату сәтінен 1 қателік жіберіп алып, айып алаңын айналып өтуіне тура келді. Ол мәреге 26:31.7 минут көрсеткішімен келіп, жалпы есепте 80-орынға тұрақтады.
Ал, үздік 60-қа енген спортшылар із қуу сайысына тікелей жолдама алады. Демек, із қуу сайысында қазақстандық спортшылар арасында Роман Еремин бақ сынайтын болады.
Аталмыш сайысты «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетті.