Жеті қазақстандық боксшы Шанхайдағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды
Бакстан Шанхайда өткен халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша жеті қазастандық боксшы жарыс жүлдегері атанды.
56 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Нұрбол Қалжанов қытайлық қарсыласынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанса, 81 келідегі Нұрбек Оралбай мен 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Айбек Оралбайға тең келер боксшы болмады.
Сонымен қатар, 60 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев финалдық сында сүрініп, біріншіліктің күміс жүлдесін иеленді. Финалға шыққан тағы бір қазақстандық Талғат Шәйкен жарақатына байланысты финалдық кездесуге шыға алмады.
49 келідегі Шалқар Айқынбай мен +91 келідегі Дамир Тойбай турнирдің қола жүлдесін қанағат тұтты.
Осылайша Шанхайдағы турнирде қазақстандық боксшылар 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.