Фристайл-могул. Қазақстан құрамасы Олимпиададағы нәтижелерін қорытындылады
Могулдан Қазақстан құрамасы Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарындағы көрсеткен нәтижелерін қорытындылады, деп хабарлайды ҰОК.
Бүгін арнайы ұйымдастырылған баспасөз-мәслихатына бапкерлік құрам - Виктор Лемешко мен Елены Круглыхина және спортшылар - Юлия Галышева Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков пен Аяулым Әмренова қатысты.
Елена Круглыхина, бапкер:
- Алтын алуға жақын болдық, бірақ, бізге жылдамдық жетпеді. Біздің команда демалмайды, Әлем Кубогындағы өнерімізді жалғастырамыз. Олимпиада - біздің спортшылар үшін соңғы жарыс емес.
Владимир Борисов, Юлия Галышеваның кеңесші-бапкері:
- Секіруде өте күрделі бағдарлама дайындаған болатынбыз. Бірақ, кейін оны уақытында жетілдіре алмайтынын түсіндік. Секіру техникасын жақсартуда көп еңбек еттік. Бірінші секіру әдісінде амплитуда пайда болды, екіншісін Юлия үнемі жақсы орындайтын.
Виктор Лемешко, фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
- Мақсатымыз - екі медаль алу болған. Өкінішке қарай, тек қана Галышыева жақсы өнер көрсетті. Дмитрий Рейхердтің бағы жанбады. Ол ең үздік нәтиже көрсетпекші болған, бірақ, соның кесірінен соңында қате жіберіп қойды. Қолымыздан келгеннің бәрін істедік.Павел Колмаков өзін тәжірибелі спортшы ретінде көрсетті.
- Қолдау көрсетіп, құттықтап жатқан барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Мен өте бақыттымын. Бұл - менің Олимпиада ойындарында бірінші медалім. Алдағы уақытта өнер көрсететін біздің спортшыларымызға сәттілік тілеймін! Енді ақпанның 26-ы Жапониянға аттанамыз, онда Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді.
Павел Колмаков:
- Өкініш бар деп айта алмаймын. Өз өнеріме лайық баға алдым деп ойлаймын. Бұл соңғы жарыс емес, алда бізді көп турнирлер күтіп тұр. Нәтижемізді жақсартуға тырысамыз.
Дмитрий Рейхерд:
- Келесі Олимпиадаға қатысты шешім қабылдамадым. Алдымен осы маусымды аяқтайық. Жас емеспін, мансабымды аяқтауым әбден мүмкін.
- Олимпиада ойындарына қатыса алғаныма өте қуаныштымын. Бұл - әр спортшының арманы. Әрине, жақсы нәтиже көрсеткім келген, бірақ, қолымнан келмеді. Алда көп жарыстар күтіп тұр. Келесі Олимпиадаға дейін төрт жыл уақытым бар. Аянбай тер төгіп, дайындаламын.
Фото: Данияр Малыбаев