Шаңғы жарысының классикалық спринт бағдарламасы бойынша спортышларымыз финалға шыға алмады
ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы күнінде Қазақстан құрамасы сапынан 5 шаңғышы жарыс жолына шықты.
Алғашқы болып әйелдер арасындағы 1,25 км спринт жарысында 46-шы нөмірмен Анна Шевченко, 56-шы болып Елена Коломина және 61-ші ретпен Валерия Тюленева бастады.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінен сытылып шыққан үздік отыздық жүлдеге таласатын 5 ширек финалдық кезеңдерге жолдама алады. Аталмыш сында отандасымыз Анна Шевченко жалпы есепте 3:23.27 минут көрсеткішпен спринт бәсекесінің финалдық кезеңіне жолдама алды. Ал, Елена Коломина мен жас спортшы Валерия Тюленева жарыс кезеңінің қорытындысы бойынша 55-ші және 60-шы орынға тұрақтап, жарысты ерте аяқтады.
Келесі кезеңде Анна Шевченко 6 спортшыдан құралған ширек финалдық 1-топқа түсті. Бұл жерде шаңғышымыз іріктеу кезеңінің үздіктерімен бірге бақ сынап,3:23.56 минут нәтижесімен 6-орынға табан тіреді. Осылайша, отандасымыз 1,25 км классикалық спринт сайысында жарыс жолын аяқтады.
Ерлер арасындағы 1,4 км спринт сайысы әйелдер арасындағы сайыстан кейін көп ұзамай басталды. Ерлер арасында құрама сапынан Алексей Полторанин, Денис Волотка өнер көрсетті. Жарыс жолына Полторанин 24-ші болып шықса, Денис Волотка 43-ші нөмірмен бақ сынады. Алғашқы іріктеу кезеңінен Алексей Полторанин сүрінбей өтсе, Денис Волотка 51-ші болып келіп, ширек финалдық бәсекелерге жолдама ала алмады.
Ширек финалдық 1-ші топқа түскен Полторанин 4-орынды місе тұтып, финал жолдамасына таласа алмады. Оның көрсеткіштері - 3:12.60