Қазақстандық шорт-трекшілер 5000 м эстафетада медаль ала алмады
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен кезекті сайыстар мәресіне жетті.
1000 метрлік қашықтықта бақ сынаған отандасымыз Нұрберген Жұмағазиев іріктеу кезеңінде канадалық Самуэль Джирард, ресейлік Семен Елистратов және жапон спортшысы Кейта Ватанабемен 3-ші топта өнер көрсетті. Іріктеу кезіңінен спортшымыз ара қашықтықты 1:24.271 минутта өтіп, ширек финалға жолдама ала алмады.Ширек финалдық бәсекелер 17-ақпанда болады.
Ал, ерлер арасындағы 5000 метрлік командалық эстафетада бақ сынаған Абзал Жұмағалиев, Денис Никиша, Еркебулан Шамуханов және Нұрберген Жұмағазиев жалпы есепте 6:47.727 уақыт көрсеткішімен 3-орын алды. Осылайша, отандастарымыз аталған сайыста медальге таласу құқығынан айырылды. Дегенмен, отандастарымыз «В» финалдық тобына жолдама алды.«В» тобында өнер көрсету алдағы уақытта эстафетаның басқа ара қашықтықтарындағы бәсекелерде алдыңғы қатардан көрінуге мүмкіндік береді. Финалдық сайыстар 22-ақпан күні жалғасады.