Қанат Исламның боксқа қайта оралуы – QAZSPORT арнасының тікелей эфирінде

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам 5 шілде күні Алматыда доминикалық Жулио де Жезуспен қолғап түйістіреді. Отандасымыздың кәсіпқой рингке қайта оралған сәтін QAZSPORT арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан бокс кешінде Қанат Ислам орта салмақтағы «WBO Inter-Continental» белбеуі үшін 27 кездесудің 26-ында жеңіске жеткен Жулио де Жезуспен жұдырықтасады. Жерлесіміз 2 жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Осыған дейін 25 кездесуінің бәрінде жеңіске жеткен боксшы жеңіс сериясын жалғастыра ала ма? 

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін бокс кешінде Мадияр Ашкеев NBA нұсқасындағы чемпиондық атақ үшін эстониялық Павел Семеновичпен айқасқа түседі. Сондай-ақ Руслан Мырзатаев тәжірибелі британдық спортшы Дэнни Уильямспен күш сынасады. 45 жасар боксшы 2004 жылы әйгілі Майк Тайсонды сұлатып салған. Сонымен қатар Абылайхан Құсайынов та WBA санатындағы NBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. 

Бокс кешін 5 шілде күні сағат 17:25-тен бастап QAZSPORT арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді