Олимпиада-2018. Денис Теннің қысқа бағдарламада өнер көрсетуі (ВИДЕО)
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Денис Тен XXIII Қысқы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарлама бойынша 70.12 (30,77 +39,35) ұпай жинады. Еркін бағдарламадағы жарысты жалғастыру үшін спортшы бүгінгі кезеңде үздік 24 спортшының қатарына енуі тиіс.
XXIII Қысқы ойындар Денис Теннің спорттық мансабындағы үшінші Олимпиада.
«XXIII Қысқы ойындар менің спорттық мансабымдағы үшінші Олимпиада. Ең қиыны да бүгінгі жарыс болған сияқты. Бұл жаққа келгенімнің өзіне қуаныштымын, себебі, биылғы жыл қиындықтар көп болды. Ақталғым келмейді, бірақ, расымен қиын кезең өтті. Бүгін бәрі ойдағыдай болған жоқ. Бірақ, қолымнан келгенін жасадым. Алдағы уақытта қазіргі нәтижеге қарамастан, менде ғана емес, бүкіл құрамада жақсы жетістіктер болады деп сенемін», - деді қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы сайыстан кейін біздің тілшілерге берген сұхбатында.