Милад Карими жазғы Универсиадада күміс жүлдеге ие болды.
Италияның Неаполь қаласында жазғы Универсиада ойындары өтуде. Спорттық гимнастикадан жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсеке аяқталып, Қазақстаннан аттанған Милад Карими күміс медальға ие болды. Отандасымыз кермедегі жаттығуда 14,675 ұпай жинады. Тайпейлік Чиа Хунг Танг жеңіс тұғырынан көрінсе, ресейлік Иван Стретович үштікті түйіндеді. Сөйтіп Милад Карими ел қоржынына төртінші жүлдені салды. Бұған дейін Ғалымжан Қырықбай дзюдодан чемпион атанса, Нариман Құрбанов гимнастикадан екінші орынға ие болды. Сонымен қатар Сәрсенкүл Рысбекова қоланы қанағат тұтты.
Фото: ҚР ҰОК