Универсиада-2019: Михаил Литвин күміс жүлдеге ие болды
Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан ХХХ жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты.
Жеңіл атлетикадан 400 метр қашықтыққа жүгіруден Михаил Литвин 45.77 секунд көрсеткішімен екінші орыннан көрінді.
Алтын медаль мексикалық Валенте Мендосаға бұйырса, үздік үштікті ОАР спортшысы Гардел Исакс түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, дәл қазіргі сәтте ел қоржынында 6 медаль (1 алтын, 4 күміс, 1 қола) бар.