Олимпиада-2018. 16-ақпан күні жарыс жолына шыққан қазақстандықтардың нәтижиелері
16-ақпан күні Ақ Олимпиада ойындарында спорттың төрт түрі бойынша 7 спортшы жарыс жолына шықты.
Тау шаңғысынан әйелдер арасындағы слалом сайысында Мария Григорова бірінші мүмкіндіктен 54-ші орынға тұрақтаса, екінші мүмкіндігінде 51-ші болып жарысты аяқтады. Ал, ерлер арасындағы супергигантта Игорь Закурдаев 41-ші нәтиже көрсетті.
Шаңғы жарысы бойынша 15 шақырым қашықтықта еркін жүріп өту сайысында Қазақстан құрамасынан Виталий Пухкало, Евгений Величко және Денис Волотка бақ сынады.
Құрама сапынан алғашқы болып сөреден шыққан Пухкало мәре сызығына 36:57.4 уақытта жетіп, 54-ші орыннан көрінді. Ал, екінші шаңғышымыз Евгений Величко жеңімпаздан +3:44.7 уақытқа кешігіп, 61-ші орынға жайғасты. Ал, Денис Волотка болса 15 шақырымды 37:39.8 минутта жүріп өтіп, жалпы есепте 64-ші орыннан көрінді.
Мәнерлеп сырғанау бойынша сынға түскен отандасымыз Денис Тен де Ақ Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады. Өткен маусымда ауыр жарақат алған Денистің Олимпиада ойыдарына келуінің өзі белгісіз болған еді. Бірақ, жігері мықты жерлесіміз аяғының ауырғанына қарамастан, құрама сапында өз өнерін жоғары деңгейде көрсетуге тырысты. Жалпы есепте Тен 27-ші орынға тұрақтады.
Құрама спортшылары арасынан соңғы болып трамплиннен секіру спортнының өкілі Сергей Ткаченко шықты. Үлкен трамплиннің алғашқы іріктеу кезеңінде 6-шы болып шыққан Ткаченко 98.5 ұпай жинады. Ал, екінші іріктеу кезең қорытындысы бойынша 111.0 ұпай алып, келесі кезеңге өтті.
17-ақпан күнгі жарыстар кестесі