Қазақстандық шорт-трекші қыздар іріктеуден өте алмады
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен кезекті сайыстар мәресіне жетті.
1500 метрлік қашықтықта бақ сынаған отандастарымыз Анастасия Крестова мен Йонг А Ким іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетті.
Белгіленген қашықтықты Йонг А Ким 1-топта 2:29.875 уақытта жүріп өтіп ширек финалға шығуға сәл жетпеді. Ал, Анастасия Крестова болса 4-ші топта өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен ескерту алып келесі кезеңге өте алмады.