17-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың Ақ Олимпиададағы нәтижелері
Бүгін Олимпиада ойындарында құрама спортшылары спорттың 3 түрі бойынша бақ сынады.
1500 метрлік қашықтықта бақ сынаған отандастарымыз Анастасия Крестова мен Йонг А Ким іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетті.
Белгіленген қашықтықты Йонг А Ким 1-топта 2:29.875 уақытта жүріп өтіп ширек финалға шығуға сәл жетпеді. Ал, Анастасия Крестова болса 4-ші топта өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен ескерту алып келесі кезеңге өте алмады.
Ерлер арасында фристайл-акробатика бйоынша құрама сапынан Ильдар Бадрутдинов бақ сынаған еді.
Отандасымыз алғашқы іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, финалдық бәсекеге арналған жолдамаларға екінші іріктеу кезеңінен таласуға тырысты.
Екінші іріктеу кезеңінде де жас спортшыларымыздың жолы болмады. Бұл сында жерлесіміз 94,47 ұпай жинап жарыс жолын аяқтады.
Үлкен трамплиннен секіру сайысында Сергей Ткаченко финалдық бәсекеге жолдама ала алмады. Кеше отандасымыз алғашқы іріктеу кезеңінен 47-орын алып сүрінбей өткен еді. Ал, бүгінгі іріктеу сәтінде финалдық бәсекеге жолдама алған 30 үздік спортшының қатарына ене алмады. Ол 73.5 ұпай жинап, жалпы есепте 49-орын алды.
18-ақпан күнгі кесте