Конькимен жарысу. Екатерина Айдова жалпы есепте 21-орында
«Пхенчхан-2018» Олимпиадасында конькимен жарысуда әйелдер арасында 500 м қашықтықта медальдар сарапқа салынды.
Аталған сында отандасымыз Екатерина Айдова бақ сынаған еді. Қорытынды есепте қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 38.96 секунд уақытта жүріп өтіп, жалпы есепте 21-орынға тұрақтады. Олимпиада чемпионы жапондық спортшы Нао Кодайра болды. Күміс оңтүстік кореялық Сан Хва Лиге бұйырса, қола медаль чехиялық Каролина Эрбанованың еншісінде.