18-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың Ақ Олимпиададағы нәтижелері
Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша жарыс жолына шықты.
Олимпиада ойындарында құрама спортшылары шаңғы жарысының эстафеталық түрі бойынша бақ сынады. 4 х 10 км қашықтық бойынша сынға түскен Алексей Полторанин, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Денис Волотка жалпы есепте 8-орынға тұрақтады. Құрама спортшылары сайыс жеңімпаздары Норвегия құрамасынан мәре сызығына +3:31.4 минут уақытқа кеш келді.
Ерлер арасында тау шаңғысы бойынша алып слаломда бақ сынаған Закурдаев жарыс қорытындысы бойынша 51-ші орынды қанағат тұтты. Ол жалпы есепте жарыс жеңімпазы австриялық Марсель Хершерден +17.03 уақытқа қалып қойды.
«Пхенчхан-2018» Олимпиадасында конькимен жарысуда әйелдер арасында 500 м қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Аталған сында отандасымыз Екатерина Айдова бақ сынаған еді. Қорытынды есепте қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 38.96 секунд уақытта жүріп өтіп, жалпы есепте 21-орынға тұрақтады.
19-ақпан күнгі кесте