Пхенчхан-2018. 19-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижелері
Бүгін төртжылдықтың басты додасы аясында Қазақстан құрамасы спорттың тек бір түрінен бақ сынады.
Ерлер арасындағы 500 м қашықтықта конькимен жарысу сайыстарында құрама сапынан Роман Креч, Артем Крикунов, Станислав Палкин бақ таластырды. Жалпы есепте отандастарымыз жүлдеге таласа алмады. Станислав Палкин 35.33 уақыт көрсеткішімен 24-ші орынға табан тіресе, Артем Крикунов командаласының ізінен 25-ші орынға (35.34) тұрақтады. Ал, Роман Креч белгіленген қашықтықты 35.92 секундта жүріп өтіп, 35-орынды місе тұтты.