Биатлон. Аралас эстафетада отандастарымыз сәтсіз өнер көрсетті
Пхенчхан-2018 Ақ Олимпиадасында аралас биатлон (2x6 + 2x7.5 км) сайысы аяқталды. Аталған сында команда сапында 2 ер адам және 2 әйел адам болуы керек. Құрама сапынан Роман Еремин, Максим Браун және Галина Вишневская мен Алина Райкова бақ сынады.
Алғашқы болып әйелдер арасынан Галина Вишневская сайысқа шығып, 16:09.1 уақыт көрсеткішімен 7-ші болып эстафета жолын Алина Райковаға табыстады. Өз кезегінде Райкова мәреге жеткен сәтте құрама уақыт көрсеткіші бойынша жалпы есепте 12-ші болды.
Райковадан жарыс кезегін алған жас спортшы Роман Еремин ату сәтінде 3 қателік жасап, турнирлік кестедегі көрсеткіштерді төмендетіп алды. Ереминнен кезекті алған соңғы спортшы Максим Браун өз қашықтығында ату сәтінде қателіксіз өтіп, жалпы есепте 18-орынға тұрақтады. Эстафета жеңімпазы болып атақты Мартин Фуркад бастаған Франция құрамасы атанса, күміс және қола медаль Норвегия және Италия құрамаларының еншісінде.