Айза Мамбекова қысқа бағдарламада өнер көрсетті
Оңтүстік Корея елінің Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары барысында бүгін мәнерлеп сырғанау спорты бойынша әйелдер арасындағы сайыс өтуде.
Қазақ елі атынан жарыс жолына екі спортшы қызымыз Айза Мамбекова және Элизабет Тұрсынбаевақысқа бағдарламада өнер көрсетуде. Алдымен, 9-нөмірмен сайысқа түскен Айза 44.40 ұпай жинап, 9-орыннан көрінді. Әзірге бұл бағдарламада америкалық спортшы Брэйди Теннелл 64.01 ұпаймен көш бастап тұр.
Айта кетейік, 23-ші нөмірмен өнер көрсететін Элизабет Тұрсынбаева мұзға Астана уақытымен сағат 10:11-де шығады.
Еске салайық, ертең болатын еркін бағдарламаға (финал) бүгін 30 спортшының ішінен үздік шыққан 24 мәнерлеп сырғанаушы өтеді.
Мәнерлеп сырғанау (Әйелдер. Қысқа бағдарлама) (1-бөлім)
Мәнерлеп сырғанау (Әйелдер. Қысқа бағдарлама) (2-бөлім)