"БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар Лигасының 1/16 финалына жолдама алды.
"БИІК-Қазығұрт" қыздар футбол командасы финляндиялық "ПК-35" клубын 4:1 есебімен ұтып, әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалына шықты. Қазақстандық ұжымнан Мисози Зулу, Екатерина Бабшук, Рейчел Кундананджи және Мария Илич көзге түсті. Қарсылас командадан жалғыз голды Вера Саастомойнен соқты.
Үш ойынның үшеуінде де үш ұпайдан алған жерлестеріміз бірінші орынмен 1/16 финалына жолдама алды. Шымкенттік клубтың қарсыласы 16 тамыз күні Швейцарияның Ньон қаласында белгілі болады.
Фото: ҚР ҰОК