Украиналық төрешілер "Астана"-"БАТЭ" ойынында қызмет көрсетеді
"Астана" - "БАТЭ" кездесуінде украиналық Сергей Бойко бастаған төрешілер тобы жұмыс істейді. Украиналық маман осыған дейін Ұлттық құраманың Швеция және Андорраға қарсы ойындарында қазылық еткен еді. Сондай-ақ, "Ақтөбе"-"Кечкемет", "Астана"-"Маккаби" кездесулерінде бас төреші болды.
Бас төреші Сергей Бойкаға оның жерлестері Александр Корнийко, Семен Шлончак және Анатолий Абдулла көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 22-інде елордалық "Астана" өз алаңында белорусиялық "БАТЭ" клубын қабылдайды.
Ойынды 22 тамыз күні сағат 19:50-ден бастап QAZSPORT арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Елордалық клубқа біздің арнамен бірге жанкүйер болыңыз!