Олимпиада-2018. 21 ақпан күнгі нәтиже - Элизабет Тұрсынбаеваның еркін бағдарламаға жолдамасы
21-ақпан күні төртжылдықтың басты додасы аясында қазақстандықтар спорттың екі түрі бойынша жарыс жолына шықты.
Алғашқы болып мәнерлеп сырғанаудың қысқа бағдарламасында өнер көрсеткен Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова болды. Сайыс қорытындысы бойынша жас отандасымыз Элизабет еркін бағдарламаға жолдама алды. Ал, Айза Мамбекова жүлдеге таласатын үздік 24 спортшының құрамына ене алмады.
Сондай-ақ, құрама спортшылары шаңғы жарысының эстафеталық түрі бойынша да бақ сынады. Әйелдер арасындағы қос спортшыдан тұратын командалық эстафетада құрама сапынан Анна Шевченко мен Валерия Тюленева бақ сынады. Алғашқы жартылай финалдық топта өнер көрсеткен отандастарымыз сайыс қорытындысы бойынша 10-орынға тұрақтап, финалдық бәсекеге шыға алмады.
Ал, ерлер арасында жарыс жолына шыққан Алексей Полторанин мен Денис Волотка мәреге 16:30.10 минут уақыт көрсеткіштерімен жетті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-ші орынды қанағат тұтты.