Кипр-Қазақстан арасындағы ойында финляндиялық төрешілер қазылық етеді
6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Кипрдің Никосия қаласына қонаққа барады. Бұл ойынның бас төрешісі болып Маттиас Гестраниус. Фин рефериіне оның отандастары Ян Петер Аравирта, Микко Алакаре және Вилле Невалайнен көмектеседі. Маттиас 2009 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі ойындарда қызмет көрсетіп келеді.
Кипр мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынды QAZSPORT арнасы тікелей эфирде көрсетеді.