Күрес түрлерінен әлем чемпионаты қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті

14-22 қыркүйек аралығында елордада тұңғыш рет күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай бүгін «Барыс-Арена» спорт кешенінің баспасөз орталығында «QAZSPORT» телеарнасының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Аталмыш телеарна - халықаралық және Қазақстан күрес федерациясының ұйғарымымен елордада өтетін әлемдік доданың бас хабар таратушысы, ал «Қазақстан» телерадиокорпорациясы негізгі ақпараттық серіктесі ретінде жұмыс істейді.


    Ресми шараға ҚР грек-рим күресінің вице-президент Дәулет Тұрлыханов, ҚР еркін күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай, ҚР ҰОК спорттық дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов және әйелдер күресінен вице-президенті Гюзель Манюрова, Грэпплинг Ассоциациясының президенті Қанат Алин, сондай-ақ, «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысып, әлем чемпионатына және спортшыларға қатысты ойларын ортаға салды.


Баспасөз мәслихаты барысында жарыстың қалай өтетіндігіне тоқталып, телеарна жұмысына қатысты сұрақтарға жауап береді. б Сонымен қатар брифинг барысында ҚР ҰОК спорттық дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов ұйымдастырушыларға, сондай-ақ, аталмыш әлемдік доданың негізгі ақпараттық серіктесі және бас хабар таратушысы "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "QAZSPORT" ұжымына алғыс білдірді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды