Мейрамбек Айнағұлов жартылай финалда ресей балуанымен белдеседі
Мейрамбек Айнағұлов осыған дейін бразилиялық, литвалық және хорватиялық спортшыларды жеңді. Қазақ балуаны жартылай финалда ресейлік Сергей Емелинмен күш сынасады.
Сөйтіп, отандасымыз Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды.
Жартылай финалдық кездесулер бүгін сағат 17:00-де басталады.
Жерлесімізге жеңіс тілейміз!