«QAZSPORT» және «QAZAQSTAN» телеарналары бокстан әлем біріншілігін көрсетеді

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Көрші елде жалауын желбіреткен байрақты бәсекені ширек финалдық кездесулерден бастап «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 


Солтүстіктегі көрші елде өтіп жатқан дүбірлі дода 9 қыркүйекте басталды. Әлем назарын аудартқан шаршы алаңдағы бәсеке 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақ боксшыларының қарқыны жаман емес. Алғашқылардың бірі болып ширек финалға Абылайхан Жүсіпов пен Тұрсынбай Құлахмет жолдама алды. 


Ресейдегі жарысқа аттанған «QAZSPORT» телеарнасының редакторы Тұрлыжан Айтенов жаңалықтармен бөлісіп, отандастарымыз туралы ақпаратты тұрақты түрде жеткізіп отырды.


Ширек және жартылай финалдық бәсекелерді «QAZAQSTAN» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, шешуші жекпе-жектерді «QAZSPORT» телеарнасы көрермен назарына ұсынады. 


Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсекенің кестесіне сай 18 қыркүйекте турнирдің ширек финалы өтіп, 20 қыркүйекте финалға жолдама алу үшін іріктелген былғары қолғап шеберлері бақтары мен баптарын безбенге салады. Жарыстың соңғы күні шешуші айқастар басталып, аталмыш айтулы аламанның жабылу салтанаты өтеді. 


Қазақ спортшыларына QAZAQSTAN және QAZSPORT арналарымен бірге жанкүйер бол!



ФОТО: ҚР ҰОК

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
Алматы облысында шахматтан «KONAEV CUP – 2023» екінші халықаралық турнирі өтті
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Қазақстан Чемпионаты. 1-күн
  • Жаңалықтар
Арайлым Әбенова - самбодан Әлем Чемпионы
Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
Астана қаласында бокстан Жазғы Спартакиада өтеді
  • Жаңалықтар
Алматыда каратеден WKF Азия Чемпионаты өтіп жатыр
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жетті