Оңтүстік Кореяда ХХIII Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды (1-бөлім)
Оңтүстік Корея елі Олимпиада ойындарын өткізуге үш рет ниет білдірген. Тек соңғы үшінші өтінім сәтті аяқталып, Пхенчхан төрінде әлемнің үздік қысқы спорт түрлерінің өкілдері бас қосып отыр. 3 мыңға жуық спортшы 17 күн бойы барын салып, Олимпиада жүлделері үшін таласатын болады. Бұл Олимпиаданың өзіндік рекордттық көрсеткіштері де бар. Ақ Олимпиаданың бойтұмары - Сухоран жолбарысы.
Бүгінгі ашылу салтанаты ең ежелгі «Бейбітшілік қоңырауының» соғылуымен басталды. Бес бұрышты стадиондағы қойылымда 5 стихияның символы адамзат пен табиғаттың үлесімін көрсетіп, кешегі мен бүгінге саяхат жасайды. Олимпиаданың ашылу салтанаты бірнеше бөлімге бөлінген. Сондай-ақ, онда Корея мифологиясындағы түрлі кейіпкерлер ұсынылды. Қойылымдарда театр актерлерімен қатар, студенттер, барлық сала мамандары қатысуда. Оңтүстік Корея елінің ұлттық байрағын ортаға алып келінгеннен кейін осы елдің Әнұраны орындалды. Осы рәсімнен кейін 92 елдің спортшылары кезек бойынша жүріп өтті.
Спортшылардың шеруін Грекия құрамасы бастады. 68-ші болып шыққан Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев көтеріп шықты.
Қазақ елі аталмыш ойындарда 9 спорт түрінен бақ сынайды.
Жарыстарды «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.