FIFA 2018 жылы өтетін Әлем чемпионатының регламентіне өзгерістер енгізді
Халықаралық футбол Федерациясы (FIFA) әлем чемпионатын өткізу регламентіне өзгеріс енгізгенін мәлімдеді. Өзгерістер 2018 жылы өтетін әлем біріншілігінде күшіне енеді.
2018 жылы өтетін Әлем чемионатынан бастап бірдей ұпай жинаған командаларға Fair play ережесі қолданылады. Ең аз сары және қызыл қағаз алған командалар басымдыққа ие болады.
UEFA-дан айырмашылығы сол, FIFA командалардың ұпайы тең болған жағдайда, ең алдымен доп айырмашылығын есепке алады. Егер доп айырмашылығы да бірдей болса, онда екі команданың өзара кездесуінде жеңген командаға басымдық беріледі. Ал егер ол да тең болса, Fair play ережесі қолданылады.
2018 жылы өтетін Әлем чемпионатына қатысушы құрамалар өзімен бірге нөмірсіз және аты жазылмаған қақпашылар киетін ойын киімін алып жүруі тиіс. Бұл қақпашылардың қызыл қағаз алған кезінде немесе ойыншылардың бәрі алмастырып, қақпашы жарақат алған сәтте ойындағы футболшының қақпаға тұруы үшін қажет.
FIFA жасаған жаңа ереже бойынша, Әлем чемпионатының кубогы міндетті түрде тек капитанға берілуі тиіс емес. Сонымен қатар, кубокты тек Әлем чемпионатын қабылдаған елдің президенті беруі керек.
Жаңа ереже бойынша, чемпионатты қабылдайтын стадиондар концерттерді тек турнирге екі ай мерзім қалғанға дейін ғана қабылдай алады. Бұл алаңның жақсы сақталуы үшін жасалған шара. Сонымен қатар, FIFA Әлем чемпионатына бір ай қалған уақытта стадиондарда жолдастық кездесу өткізуге тыйым сала алады.